Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші Үсенов емеспін": Көлікпен қарсы бағытта жүйткіген алматылық жігіт ағынан жарылды

Опубликовано:

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жолдың қарама-қарсы бағытымен көлікте жүйткіген алматылық Назар Роллан жол жүру ережесін бұзғаны үшін кешірім сұрап, Tengrinews.kz тілшісіне ағынан жарылды.

Назар Роллан. Фото: instagram.com/nazarrollan
Назар Роллан. Фото: instagram.com/nazarrollan: UGC

Жігіт өзін "екінші Үсенов" санамайтынын алға тартуда.

"Мен екінші Үсенов емеспін. Ешкімді қағып, ешкімге зиянымды тигізген жоқпын. Туыстарым менің әрекетіме наразылық білдірді", - дейді жігіт.

Ол зардап шегуі мүмкін болған адамдар үшін тағы бір рет видеода кешірім сұрамақ ниетте екенін айтуда.

"Бұл менің шынайы кешірім сұрауым болады", - дейді Назар.

Жүргізуші куәлігінен айырылыған жігіт кәсіппен айналыспақ.

Еске салсақ, Назар Роллан әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүргені үшін жұрттың ашуын келтірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756513-ekinsi-senov-emespin-klikpen-karsy-bagytta-zjtkigen-almatylyk-zigit-agynan-zaryldy/

pixel