Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір қап ақша тауып алған аула сыпырушы оны иесіне қайтарып берді

Опубликовано:

Қытайда аула сыпырушы бір қап ақша тауып алып, оны иесіне қайтарды. Қаптың ішінде 150 мың юань болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы comments.ua сайтына сілтеме жасап жазады.

Бір қап ақша. Фото: comments.ua
Бір қап ақша. Фото: comments.ua: UGC

Хайкоу округінде тұратын Ли Ман таңертең аула сыпырып жүріп, ауыр қапты тауып алады. Қаптың ішін ашқан азамат оның ақшаға толы екенін ұққан.

"Біреу қапты түсіріп алып, сол үшін қатты уайымдап отырған шығар деп ойладым. Оны иесіне қайтаруға міндетті едім", - дейді ол.

Ер адам қапты полицейлерге апарып береді. Полицейлер қаптың қожайынын екі сағаттың ішінде тапқан. Оның иесі жергілікті кәсіпкер болып шықты.

Қапты компаниядағы қызметкерлердің бірі қоқыс деп ойлап, лақтыра салған екен. Кәсіпкер Ли Манға алғыс ретінде 20 мың юань ұсынғанымен, Ли ақшадан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1756516-bir-kap-aksa-tauyp-algan-aula-sypyrusy-ony-iesine-kajtaryp-berdi/

pixel