RU
Қостанайда жас қыздың өліміне жол берген екі полицей сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда жас қыздың өліміне жол берген екі полицей сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанай аудандық соты 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне қатысты істі қарап, екі полицейге үкім шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дарья Махартова. Фото: instagram.com/mahortova_dasha

Дарья Махартова. Фото: instagram.com/mahortova_dasha

Іс материалдарында сәйкес, полицейлер өз міндетін дұрыс атқармай, куәгерлер хабарлаған қылмыс орнын жіті қарамаған. Одан бөлек Қостанай АІІБ жедел кезекші көмекшісінің нұсқауы еленбеген.

Сот тәртіп сақшыларын кінәлі деп тауып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Олар мемлекеттік және құқық қорғау қызметінен үш жылға шеттетілді.

Сот полицейлердің өз кінәсін мойындағанын, кәмелетке толмаған балаларының барын ескеріп, жазаларын жеңілдеткен.

Еске салсақ, Қостанай облысының Затобол кентінде 20 шілде күні үйінен шығып кеткен Дарья Махартованың мәйіті көп ұзамай орман алқабынан табылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel