RU
Өртенген көпқабатты үйден адамдарды құтқарған ақтөбеліктерге сыйақы берілді
Жаңалықтар Қоғам

Өртенген көпқабатты үйден адамдарды құтқарған ақтөбеліктерге сыйақы берілді

Рассказать Вконтакте

Жақында болған өрттен кейін Ақтөбе тұрғындары көмекке мұқтаж болып отыр. Төтенше жағдай салдарынан 10 қабатты үйдің 30 пәтері зардап шеккен. Енді үйлерге қайта жөндеу жұмыстарын өткізу керек. Алайда халыққа өтемақы туралы ештеңе айтылмаған. Билік алдымен бұл оқиғаға кімнің кінәлі екенін анықтамақ. Себептері көрсетілетін сараптама нәтижелері бір айдан кейін дайын болады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қазір өрттің төртінші қабатта басталғаны анықталған. Енді онда тергеу жұмыстарын жүргізу үшін сүргі салыныпты.

Өткен түні билік қала ортасында орналасқан 10 қабатты үйдің алдын жедел түрде қайта жөндеуден өткізген. Бұл іске демеушілер көмек көрсетіпті.

Шенеуніктер осы тұста өрттен адамдарды құтқарған адамдарды да ұмытқан жоқ. Олар үйдің қасынан өтіп бара жатып, өрт ішінде қалғандарды аман қалып қалуға көмектескен 18 және 19 жастағы азаматтарға 100 мың теңге сыйақы берді.

"Барлық пәтерлерді аралап, адамдарды тысқа шығардық. Біз екінші подъездге өтіп кетеді деп ойламадық. Мен шығып, терезеге қарағанда ғана оттың екінші подъездге ауысқанын байқаым. Біз бірден сонда жүгірдік",- деді Александр Тимошенко.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel