RU
Маңызды тұлғалар, кездесулер және жеке аспаз: Ермегияев тағы да сотқа әкелді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Маңызды тұлғалар, кездесулер және жеке аспаз: Ермегияев тағы да сотқа әкелді

Рассказать Вконтакте

"Астана ЭКСПО-2017"көрмесінен қомақты қаржы жымқырды деп айыпталған Талғат Ермегияев Астанаға жеткізілді. Ол өз өкілеттігін пайдаланып, шенеуніктің жағдайын жасап отырған екі түрме басшысының ісіне қатысты сотқа әкелінген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Бұрынғы шенеунік Талғат Ермегияев сотқа куәгер ретінде шақырылған. Оны қазір жазасын өтеп жатқан Алматы облысынан әкелген.

Бұл жолы Астанада қатаң режимдегі түзеу мекемесінің басшылығына қатысты сот болып жатыр.

Онда бұрынғы басшы Нұрлан Әбен мен оның орынбасары Талғат Мұсабаев VIP-тұтқынға ерекше жағдай жасағаны үшін айыпталған.

Тергеу жұмыстары нәтижесінде түрмеде Ермегияевқа үйдің жағдайы жасалғанын анықталыпты.

Ұлттық компанияның бұрынғы топ-менеджері түрмеде толассыз кездесулер өткізген екен. Сондай-ақ, бұрынғы шенеунікке маңызды тұлғалармен жолығуға, ішімдік пен ойын карталарын, ғаламторды пайдалануға рұқсат беріліпті.

Одан бөлек, Талғат Ермегияевқа бөлек ас әзірлеген жеке аспазы болған.

"Ас үйде ол жаңа теледидар мен мұздатқыш, басқа тұрғын үй заттарын орнатқан. Кей жиһаздарды ауыстырған. Олар баланста болмаған",- деді істің прокуроры Айдос Ерғалы.

Бұл іске қатысты өз түсінігін Ермегияев жабық сот отырысында айтты.

Дереккөз: КТК

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
3
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel