RU
Демалыстан оралған отбасы әуежайда балаларын ұмытып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Демалыстан оралған отбасы әуежайда балаларын ұмытып кетті

Рассказать Вконтакте

Германияда демалыстан оралған ата-ана өздерінің бес жасар қыздарын Штутгард әуежайында ұмытып кеткен деп хабарлайды Express сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : Sebastian Gollnow / dpa / Globallookpress.com

Фото : Sebastian Gollnow / dpa / Globallookpress.com

Әуежайда адасып жүрген қызды байқаған адамдар бұл туралы полицияға хабар беріпті. Қауіпсіздік қызметкерлері баланың жоғалғанын,оны ешкім іздемегенін арнайы дауыс құрылғысымен хабарлаған екен.

Кейіннен бүлдіршінді Штутгардтағы полиция бөлімшесіне апарыпты. Ата-анасы қыздарын сол жерден алып кеткен көрінеді.

Анықталғандай, отббасы демалыстан оралғанда екі көлікпен қайтқан. Олар қыздары екінші көлікте деп ойлап қалған екен. Әке-шешесі қызының жоқтығын тек үйге келгенде біліпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
3
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel