RU
Оралда "Күләш" фильмі түсірілген көне ғимарат сатылып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Оралда "Күләш" фильмі түсірілген көне ғимарат сатылып кетті

Рассказать Вконтакте

Оралда "Күләш" фильмі түсірілген көне ғимарат сатылып кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сатып алушы облыс орталығындағы жоғары оқу орындардың бірі-Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиеті.

Орал қаласының Чапай көшесі 18 мекен-жайында орналасқан ғимараттың тағдыры осы күнге дейін инспекция мамандарын алаңдатып-ақ келген. Себебі жеке меншіктегі үй ұзақ жылдар бойы қараусыз қалып, терезелері үңірейіп, әбден сиқы кетіп тұрған еді. Осыдан бес жыл бұрын "Күлəш" (Бұлбұл) фильмі түсірілген нысан мемлекеттік тарихи-мәдени мұралар санатына енген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

2013 жылы Баян Мақсатқызының продюсерлігімен тарихи орын шығармашылық алаңға айналды. Дегенмен қазір бұған сену қиын. Іші-сырты қирап, мүлдем күтімсіз қалған.

Айта кетейік, көпес Вяхиревтің үйі болған нысан 1878 жылы салынған. Ертеректе осында мұғалімдер семинариясы болыпты. Достық даңғылына таяу орналасқан ғимарат жөндеуге қатты зәру еді. Үйдің егесі істі болған облыстық мәслихаттың экс депутаты Мұрат Жаркеевтің інісі-Нұрлан Жаркеев болатын.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ол 2009 жылы 73 млн теңгеден астам несие алып, үйді аграрлық несие корпорациясына кепілге қойған болып шықты. Ал өзі осы үйдің бір бөлмесінде өз-өзіне қол жұмсап, асылып өлгені мәлім.

Нәтижесінде, несиенің 60 млн теңгесі төленбей қалған. Осылайша үй 10 жылға жуық несие ұйымының кепілдігінде болып келген. Аграрлық несие корпорациясы ғимаратты сату үшін осыған дейін біраз келіссөздер жүргізген еді.

"Алайда ғимарат тарихи-мәдени мұра болғандықтан, сатып алушы оны бұза алмайды және сыртқы кейпін өзгертуге де рұқсат етілмейді. Осыған байланысты қала орталығындағы ауқымды жер теліміне ғана қызыққан құрылыс компаниялары мен өзге кәсіпкерлер байқауда үміткер бола алмады. Бүгінде ғимарат марқұм болған азаматтың мұрагер әйеліне тиесілі болып саналғанымен, кепілдікте тұрған еді",-дейді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалы директорының орынбасары Марат Абдулов.

Ал енді оны Орал қаласындағы жоғары оқу орындарының бірі сатып алып отыр. Әзірге еліміздің маңдай алды университеті бұл ғимаратты қандай мақсатта пайдаланатыны жөнінде ақпарат бермеді.

"Бір анығы енді үй сенімді қолға табысталды деген сенім бар және қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылып отыр",- деп хабарлады тарихи-мәдени мұраларды қорғау инспекциясының басшысы Талғат Жүсіпқалиев.
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel