RU
"Айтуға мәжбүрмін": Баян Алагөзова Жоғарғы сот төрағасынан көмек сұрады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Айтуға мәжбүрмін": Баян Алагөзова Жоғарғы сот төрағасынан көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа ашық хат жолдады. Ол өз өтінішін Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: talkypic.com

Фото: talkypic.com
Source: UGC

Продюсердің сөзінше, оның ашық хатты жазуына жұбайы Тұрсын Алагөзовтің басындағы қиындығы себеп болған. Мақсатқызы өз жазбасында қазіргі жұбайының өз кәсібінен айырылып қалуы мүмкін екендігін айтыпты.

"Кәдімгі рейдерлік деуге болады. Мен, жұбайым секілді кәсібімді нөлден бастағанмын. Бұлар қазір "Galanz bottlers" компаниясын рейдерлік жолмен тартып алу мақсатында соттарды да пайдаланып отыр",- деді Баян әлеуметтік желіде.

Мақсатқызының айтуынша, бұл "соғыс" Тұрсынғали Алагөзовтің бірлестіктің директорлар кеңесі басшылығынан кеткенінен басталған.

Сондай-ақ, продюсер бұл әрекет акционерлер жиналысындағы хаттамаларды бұрмалау мен жұбайының қолының жалған көшірмесін жасау арқылы жасалғанын айтады.

"Менің жұбайым ауыр еңбекпен тапқан акцияларының барлық пакетін тартып алмақшы",- деді Алагөзова.

Баянның жұбайы бұрынғы әйелімен ажырасқан кезде арада барлығын тең бөлу туралы келесімшарт болған. Бұл тұрғыда Баян Алагөзова басқа тұлғалар сотқа қысым көрсету арқылы оның жұбайынан кәсібін тартып алғысы келетіндері анық екенін жазыпты.

Қазір отандық продюсер қарастырылып жатқан істің объективтілігіне күмән келтіретінін айтты. Мақсатқызы сол үшін де Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтан көмек сұрағанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
9
8
2
2
2
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel