RU
Оңтүстік Кореядағы қазақстандық баланың денесі елге 7 қазан күні қайтарылатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Оңтүстік Кореядағы қазақстандық баланың денесі елге 7 қазан күні қайтарылатын болды

Рассказать Вконтакте

Оңтсүстік Кореяда қайтыс болған бес жасар қазақстандық баланың денесі Өскеменге 7 қазан күні қайтарылатын болды деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: instagram.com/svetlyachok_bogdan

Фото: instagram.com/svetlyachok_bogdan

5 қазан күні баланың ата-анасы емделуге кеткен 90 мың доллар көлеміндегі қарыздарын төлеп бітірген.

Біраз уақыт бұрын олар ұлдарының еміне ақша жинап жатқандары туралы да жариялаған болатын. Алайда, балақай 23 қыркүйек күні көз жұмған еді.

Ал шетелдік дәрігерлер баланың емі үшін ақша төлемегеніктен, бүлдіршіннің денесі берілмейтінін айтқан.

Қазір Қазақстан елшілігі ата-анаға көмек көрсету үшін барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр.

Баланың денесін отанына әкелу мемлекет есебінен бөлінген қаржы мен арнайы бағдарлама арқылы жүзеге аспақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel