RU
Маңғыстауда үздік ұстаздар марапатталды
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда үздік ұстаздар марапатталды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен ұстаздар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шара барысында өңір басшысы 2 мұғалімді "Ыбырай Алтынсарин", 5 мұғалімді "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілерімен марапаттады, тағы 7 ұстаз облыс әкімінің алғыс хаттарын алды.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Маңғыстауда екінші рет өткізіліп отырған "Білім үздігі-2018" конкурсының марапаттау рәсімі өтті. 18 номинация бойынша 142 мұғалім, 20 білім ұйымы қатысты. 12 номинацияға 500 мың теңге, "Жыл мұғалімі" номинациясына және бес білім ұйымына бір миллион теңге сыйлықақы табысталды. Ал "Жыл мұғалімі" финалисіне өңір басшысы тосынсый ретінде қосымша 500 мың теңге сыйақы тағайындады.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биылғы жылдың үздік ұстазы Жаңаөзендік Раметулла Злиха атанса, ақтық сынға дейін жеткен есім Тілектес Серікбайқызы болды. Облыс әкімі Маңғыстау халқының бірнеше ұрпағын тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін білім қызметкерлері мен ардагерлеріне алғысын білдірді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ералы Тоғжанов күні кеше Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мәселелерін қамтыған жаңа Жолдауын халыққа жариялағанын атап өтті.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Келесі жылы "Педагог статусы туралы" Заң қабылдау жөнінде тапсырма бергенін барша ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады. Бұл – педагогтар үшін ерекше қамқорлық пен қолдау деп білеміз.
Білім саласына, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше көңіл бөлу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою, оқушы орнының тапшылығын азайту мақсатында республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдарға 50 млрд қаржы бөлу жөнінде айтылды", - деді өңір басшысы. 

Биыл облыстық білім саласында ауқымды шаралар атқарылды. Бір жылдың өзінде облыста 9 мектеп іске қосылып, халықтың игілігіне берілді. Ақтау қаласындағы №29 жаңа білім ордасы смарт-мектеп болып ашылды. Онда STEM- лаборатория, смарт-жылыжай, галографикалық ақпараттандыру бұрыштары, чип арқылы оқушылардың мектепке келіп-кетуін қадағалау жобалары енгізіліп, облыс мектептерінде 17 ІТ сыныбы, 25 жылыжай ашылды.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек. Жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін педагогтардың 75 пайызы біліктілігін арттыруға, облыс мұғалімдерінің 80 пайызының жалақыларына үстем ақы қосылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel