RU
Макгрегор мен Нурмагомедовтың жақтастары полицейлердің жіті бақылауында болмақ
Жаңалықтар Спорт

Макгрегор мен Нурмагомедовтың жақтастары полицейлердің жіті бақылауында болмақ

Рассказать Вконтакте

Бүгін, Лас-Вегаста Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов өзара мықтыны анықтамақ. Анықталғандай, кездесу өтетін ғимаратттың сырты толығымен полицейлермен қоршалған. Қауіпсіздік шаралары аясында екі спортшыны алаңға алып шығатын жақтастары да тәртіп сақшыларының жіті бақылауында болмақ деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: championat.com

Фото: championat.com

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың өзара өшпенділігі салдарынан полицейлер олардың жақтастарын да бақылауда ұстамақ. Екі спортшыны алып шығатын қолдаушылар тобы қандай да бір заңсыз әрекетке бой алдырмас үшін UFC осындай шара қолдануға мәжбүр.

Айта кетейік, ирландиялық жұлдыз бен ресейлік спортшы арасындағы жекпе-жек бірер уақыттан соң басталатын болады. Олар күні кеше өткен жұдырықтасу алдындағы бетпе-бет кездесуінде төбелесіп кете жаздаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel