Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші Назима": Төсін айқара ашып рэп орындаған қазақ қызы көптің ашуына тиді

Опубликовано:

Отандық бағдарлама аясында рэп орындап шыққан қазақ қызы көпшілікті таңғалдырып, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылар бойжеткенді Ресейде аты шыққан Назима Жәнібековамен салыстырып жатты. Кейбірі аруды сынға да алып үлгерген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Отандық бағдарлама аясында ашық образбен сахнаға шғып, қазақ тілінде рэп орындаған ару жұртшылықтың ашуына ілікті. Желіде қызу талқыға түскен бойжеткен ел алдына төсін айқара ашып, аяқтарын жалаңаштап шыққаны үшін сыналып жатты.

Оған қоса, желі оқырмандары оның Ресейде танымалдылыққа ие болған Назима Жәнібековаға еліктейтінін жазуда. Кейбірі тіпті, оны Тиматидің таңғалдырған әншімен шатастырып жатты.

Сондай-ақ, отандық бағдарлама төрешілері де халықтан оңбай сөз естіді.

"Масқара. Бәрі мына қыздың жалаңаш бұтына қарап мәз болып отыр ғой"
"Түкі түсінсем бұйырмасын. Назимаға еліктеймін деп әсірелеп жіберген сияқты"
"Өте обал, әп-ідемі әнді бұзып, Роза апамыз қалай шыдап отыр"
"Үстінде тоны бар бұты жалтырап, жезөкше секілді.Қазақ қызы атана лайық болыңдаршы қазағыммың қара көздері" , - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756587-ekinsi-nazima-tsin-ajkara-asyp-rep-oryndagan-kazak-kyzy-kpti-asuyna-tidi/

pixel