RU
Ақшаға тойымсыз ата-ана тұрмысқа шыққалы жатқан қызының болашағына балта шапқан
Жаңалықтар Қоғам

Ақшаға тойымсыз ата-ана тұрмысқа шыққалы жатқан қызының болашағына балта шапқан

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық азаматша құрбысының інісі үйленер алдында қандай жағдайға тап болғанын айтып берді. Айтуынша, ер адам сүйіктісінің ақшаға тойымсыз ата-анасының кесірінен тойдан бас тартуға мәжбүр болған деп жазады NUR.KZ.

Фото: rc.news.hu

Фото: rc.news.hu

Оқиға Fasebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» парақшасында жарияланған.

"Құрбымның әкесі сегіз жыл бұрын қайтыс болған. Сол себепті ол үй жұмыстарын өз мойнына алып, кіші балаларды аяққа өзі тұрғызды. Оның кіші інісі үйленбек болғанда да құрбым бар жұмыспен өзі айналысты" , - деп бастады ару.

Алайда, болашақ құдалармен қарым-қатынас басынан бастап дұрыс болмаған. Анықталғандай, қыздың ата-анасы бірінші кездесудіңн өзінде үлкен қаражатты талап етті.

"Аталарына жылқы, шапан, анасына - норка, інілеріне - алтын сақиналар. Оған қоса ақшалай 500 мың теңге, кілем және тағы да басқа ұсақ-түйектер беру керектігін айтты.
Ресторанға тапсырыс берген кезде олар тіпті құтырып кетті. Енді әкесіне алтын, анасына гауһартас беруді талап етті. Сонымен қатар, өздерімен келген 24 адамға көрпе мен екі жастық бересіндер деп міндеттеді" , - деді бойжеткен.

Бұғандейін талап еткен 500 мың теңге болса миллионға ауысып кеткен.

"Құрбым әрине олардың айтқанын жасай алмады. Ол құдаларға 300 мың теңге, атасына киім, құдаға сақина мен талап еткен киімін бермек болды" , - деді ару.

Алайда, қалындықтың туыстары оған келіспей, қыздарын тұрмысқа шығармайтындарын айтып қорқытқан болатын.

"Оған қоса, олар отбасының жағдайын түсініп миллион теңгені бөліп төлеуге рұқсат берді. Бұл жағдайды одан бетер ұшықтырды. Құрбым мен інім өзара ақылдаса тойды болдырмауды шешті" , - деді бойжеткен.

Өз ашуын желіде жеткізген ару қыздың ата-анасының ақшаға тойымсыздығын сынға алып, балаларының болашағаны балта шапқанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
3
3
8
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel