RU
Нурмагомедов: Егер мен бір нәрсені дұрыс істемесем, мені түрмеге отырғызыңдар
Жаңалықтар Спорт

Нурмагомедов: Егер мен бір нәрсені дұрыс істемесем, мені түрмеге отырғызыңдар

Рассказать Вконтакте

Бүкіл әлем көз тіккен жекпе-жекте Конор Макгрегорды жеңіп, белбеусіз қалған Хабиб Нурмагомедов егер өзі мүлт кеткен кезі болса, түрмеге отырғызуын талап етті. Бұл туралы "Чемпионат" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: midag.ru

Фото: midag.ru

Дағыстандықтың кезекті жеңісінен кейін залда төбелес басталып кеткен еді. Бұл жанжалдың негізгі қаһарманы - Нурмагомедовтың өзі.

Эмоциясын ұстай алмай қалған спортшының айтуынша, ол әр уақытта қарсыластарына құрметпен қараған. Алайда бүгінгі кездесу мүлде басқаша өрбіген.

"Мен сабырлымын. Мен үнемі өз қарсыластарымды сыйлаймын, алайда бұл сорақы жағдай болды. Белбеуді әкеліңдер! Маған белбеуді беріңдер, мен кетем. Егер мен бірнәрсені дұрыс істемесем, мені түрмеге отырығызыңдар!", - деді спортшы жекпе-жектен кейін.

Ол белбеуді өзіне қайтаруды тағы да қайталап айтқанымен, UFC президенті жеңімпазды марапатсыз қалдыруды жөн деп шешкен.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінде ирландық Конор МакГрегорды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Алайда, жекпе-жек соңы үлкен жанжалға ұласып, Хабиб белбеусіз қалған еді. Себебі ресейлік спортшы ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелес болды.

vesti.kz-тің мәліметінше, Хабиб Нурмагомедов ирландиялық спортшының спарринг қарсыласы Диллон Дэниске жұдырық ала жүгірсе, UFC қатысушыларының бірі, Хабибтің досы Зубаира Тухугов октагонға шыға сала, Конормен шайқаса кеткен.

Кейін жанжалға полицейлер араласып, Макгрегор мен Нурмагомедов алаңнан қуылуға мәжбүр болды. Осылайша кездесу марапаттаусыз аяқталған болатын.

Ал Конор Макгрегор өз қарсыласының масқарасын шығарғысы келгенін мойындаған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel