RU
Нурмагомедов жекпе-жектен кейінгі жанжал үшін кешірім сұрады (видео)
Жаңалықтар Спорт

Нурмагомедов жекпе-жектен кейінгі жанжал үшін кешірім сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

Хабиб Нурмагомедов Конором Макгрегормен болған жекпе-жекте соң жаппай төбелес үшін кешірім сұрып, өз әрекетін түсіндірді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kleo.ru

Фото: kleo.ru

Атышулы кездесуден кейінгі баспасөз-конференциясында ресейлік спортшы ел алдында мәлімдеме жасады.

"Мен Лас-Вегас пен Невада шататының атлетикалық комиссиясы алдында кешірім сұрағым келеді. Бұл менің ең дұрыс әрекетім болмады. Неге барлығы Конордың жекпе-жекке дейін айтқаны мен жасағынын емес, дәл осыны айтып жатыр", - деген спортшы Макгрегордың кейбір әрекеттерін еске салды.

Ол ирландиялық боксшының өзінің дініне, отанына, әкесіне қатысты бірнеше рет мәлімдемелер жасағанын, сонымен қатар оның өзге де әрекеттерін атап өтті.

"Әкем үнемі мені өзгерлерге құрметпен қарауды үйретеді. Менің достарым және командам өзімді қалай ұстайтынымды біледі. Бұл белбеу менімен бірге. Мен әлі де жеңілмейтін чемпионмын", - дейді спортшы

Сонымен қатар Нурмагомедов БАҚ-тың ММА-ны өзгерткенін айтады.

"Менің ойымша БАҚ ММА-ны өзгертті. Бұл негізінде трэш-токқа емес, құрметке құрылған спорт түрі. Мен палуандардың бірін-бірі балағаттап, олардың отбасы, дін, ұлт жайлы жаман сөздер айтқанын қалмаймын. Бұны сіздер айта алмайсыздар, ал мен үшін бұл маңызды. Барлығыңызға рақмет. Бүгінгі әрекетім үшін әкем мені оңдырмайтыны анық, тағы да мені кешіріңіздер", - деп сөзін қорытындылады Хабиб Нурмагомедов.

Спортшы сөз соңында өзін бүгінгі жеңісімен Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы хабарласып, жеңісімен құттықтағынын да жеткізді.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінде ирландық Конор МакГрегорды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Алайда, жекпе-жек соңы үлкен жанжалға ұласып, Хабиб белбеусіз қалған еді. Себебі ресейлік спортшы ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелес болды.

vesti.kz-тің мәліметінше, Хабиб Нурмагомедов ирландиялық спортшының спарринг қарсыласы Диллон Дэниске жұдырық ала жүгірсе, UFC қатысушыларының бірі, Хабибтің досы Зубаира Тухугов октагонға шыға сала, Конормен шайқаса кеткен.

Кейін жанжалға полицейлер араласып, Макгрегор мен Нурмагомедов алаңнан қуылуға мәжбүр болды. Осылайша кездесу марапаттаусыз аяқталған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
5
9
21
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel