RU
Нурмагомедов жекпе-жектен кейінгі төбелесі үшін гонорарынан қағылуы мүмкін
Жаңалықтар Спорт

Нурмагомедов жекпе-жектен кейінгі төбелесі үшін гонорарынан қағылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Хабиб Нурмагомедовтің жекпе-жектен кейінгі қылығы үшін гонорарын бұғаттап тастады. Оқиғаның мән-жайын UFC президенті түсіндіріп берді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kleo.ru

Фото: kleo.ru

Қос мықтының кездесуінен кейінгі баспасөз жинында Дэйн Уайт ресейлік спортшының өз қылығының құрбаны болғанын атап өтті.

"Конор Макгрегорге гонорар төлеу мақұлданды. Ал Хабиба Нурмагомедовтың гонорары тергеуге байланысты бұғатталып тасталды ", - деп атап өтті UFC басшысы.

Ол сонымен қатар Хабибтің виза мәселесімен қиындықтары болуы мүмкін де айтты.

"Айыппұлдар нақты салынады. Мүмкін АҚШ-қа келуіне тыйымда болатын шығар", - дейді UFC президенті.

Сондай-ақ Дэйн Уайт егер Нурмагомедов спорттан ұзақ уақытқа шеттелісе, бұндай жағдайда UFC оны чемпиондық атағынан айыруға мәжбүр болатынын да еске салды.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінде ирландық Конор МакГрегорды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Алайда, жекпе-жек соңы үлкен жанжалға ұласып, Хабиб белбеусіз қалған еді. Себебі ресейлік спортшы ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелес болды.

Ал жекпе-жектен кейінгі баспасөз-конференциясында Хабиб Нурмагомедов өз әрекеті ел адында үшін кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel