RU
"Бізден қателік кетті": Кеден қызметі ұшаққа билетсіз өткен Төреғалиге қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Бізден қателік кетті": Кеден қызметі ұшаққа билетсіз өткен Төреғалиге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Алматы әуежайының бас кеден қызметкері Айбол Жақсылықов әнші Төреғали Төрәлінің билетсіз кеден қызметінен қалай VIP-залға өтіп кеткенін түсіндірді деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Бұл түнгі ұшу болатын. Сондықтан мен бұл сәтте әуежайда болмадым. Маған ауысымдағы жауапты кісі хабарласып, мән-жайды айтты. Оған әуежайдың VIP-агенті келіп, ұшу залына Гонконгқа кетіп бара жатқан жанұясын шығарып салып жатқан ер адамды өткізуін өтініпті. Аталмыш азаматтың қолында ерекше күтімді қажет ететін сәбиі болған. Оларға бесік арба ұсынылған. Сонымен қатар менің қоластымдағылар кезекші дәрігерді шақыруға дайын болған. Алайда отбасы сәбидің әкесінің қолында жақсы сезінетінін айтып, бұл көмектерден бас тартқан. Біз сәбидің жағдайың ескеріп, оларға түсіністікпен қарап, ер адамға ұшу залына өтуге рұқсат бердік", - дейді оқиғаның мән-жайын баяндаған Айбол Жақсылықов.

Сонымен қатар басылым әншіге ұшаққа емес тек ұшу залына ғана өтуге рұқсат берілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, әуежайдың бас кеден қызметкері аталмыш ер адамның елге белгілі әнші екенінен хабарлары болмағанын да айта кетті.

"Біз тіпті мәселе танымал әнші Төрғали Төрәлі жайлы екенін де білмедік. Бізден тек жәрдем беріп, ер адамды ұшу залына өткізуін сұрады. Неге оның ұшаққа баламен кіргенін мен білмеймін. Оған қоса біздің ортақ нұқсаулыққа сәйкес, ол отбасының қасында басынан бастап бірге жүрген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Ол бортқа кімнің кіруге құқы бар, кімнің құқы жоқ екенін нақты білуі керек", - деген Жақсылықов өздерінің тарапынан қателік кеткенін мойындады.

"Мен мойындаймын. Біз қателік жібердік. Ер адамның осылай өзін ұстайтынын ешкім күтпеді", - дейді Алматы әуежайының бас кеден қызметкері.

Сөз соңында Айбол Жақсылықов аталмыш оқиғадан кейін қорытынды шығарып, олқылықтың орнын толтыратынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, "Эйр Астана" ұшағының VIP-залына билетсіз кірген Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған болатын. Осыдан кейін Азаматтық авиация әншінің әрекетіне қатысты пікір білдірген еді.

Аталмыш ақпаратты тек ТОО "Время басылымының" рұқсатымен ғана көшіріп, пайдалануға рұқсат етіледі

Төреғали Төреәлінің әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
22
3
2
1
1
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel