RU
Самал Еслямова Түркиядағы кинофестивальде ең үздік актриса атанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Самал Еслямова Түркиядағы кинофестивальде ең үздік актриса атанды

Рассказать Вконтакте

Түркияның Анталья қаласында бесінші қазан күні 55-ші халықаралық кинофестивалінің үздіктері анықталды деп хабарлайды "Анадола" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Zuma.TASS/Chen Yichen

Фото: Zuma.TASS/Chen Yichen
Source: UGC

Фестиваль аясында 10 картинаға баға берілген. Ең үздік фильм атағын ирандық Джафар Панахи жеңіп алды. Оның "Три лица" туындысы ең үздік фильм деп танылған.

Ал жылдың ең үздік актері деп "Капернаум" фильміндегі рөлі үшін Заин аль-Рафеа танылса, ең үздік актриса атағы "Айка" кинокартинасында басты рөлді сомдаған қазақстандық Самал Еслямоваға бұйырған.

Еске сала кетейік, отандасымыз бұған дейін Каан кинофестивалінде ең үздік актриса атағын жеңіп алған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel