RU
Қайрат Нұртастың інісі әйелін перзентханадан шығарып алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың інісі әйелін перзентханадан шығарып алды

Рассказать Вконтакте

Нұртас әулетінің ортаншысы жақында ғана әке атанып, күні кеше әйелін перзентханадан шығарып алды. Жұлдызды отбасыдан шыққан жігіттің қуанышына ортақтаса ең жақындары келіп құттықтаған. Аян Нұртас ерекше тосын сый жасап, сүйіктісінің құшағын гүл шоқтарына толтырды деп жазады NUR.KZ.

Күні кеше Қайрат Нұртастың інісі Аян жұбайын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды. Жұлдызды отбасы сүйкімді қызбен толыққан. Жас әкенің қуанышына ортақтаса барша жақындары мен достары жиналған.

Перзентхана алды нағыз концерт алаңына айналғандай. Ән салып, би билеген жұртшылық Аян Нұртас пен әйеліне жылы лебізді тілектерін де білдірді.

Нұртас әулетінің ортаншысы өзіне қыз сыйлаған жарын ерекше әсем гүл шоқтарымен көмкерген.

Желіге тарап кеткен видеожазбалар көптің көңілінен шыққан. Оқырмандар жұлдызды отбасының қуанышты жағдайына қатысты өз игі тілектерін жаудырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
2
2
2
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel