Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіске жеткен қазақстандық боксшыны ұйымдастырушылар белбеусіз қалдырды

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев өзінің қарсыласын жеңгеніне қарамастан, чемпиондық белбеуін ала алмаған. Мексикалық Патрисио Мореноны ұтып кеткен отандық спортшыға өзіне тиесілі белбеуін бермей қойған деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Анықталғандай, мексикалық боксшы мен Батыр Жүкембаев жекпе-жегі аясында чемпиондық белбеу иегері анықталу керек болған. Алайда, кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде ұйымдастырушылар кездесу жеңімпазына жүлде табысталмайтынын жеткізген.

Олардың жекпе-жек бағдарламасына белбеуді неліктен қоспағаны әзірге белгісіз.

Өз қарсыласын жеңіп кеткен қазақстандық боксшы чемпиондық жүлдесін ала алмады. Батыр Жүкембаев чемпиондық белбеу үшін келесі жұдырықтасуында таласатыны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1756680-zeiske-zetken-kazakstandyk-bokssyny-jymdastyrusylar-belbeusiz-kaldyrdy/

pixel