RU
"Өлім жазасына кесеміз бе": Біртанов дәрігерлер жұмысына пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Өлім жазасына кесеміз бе": Біртанов дәрігерлер жұмысына пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқастардың өліміне ақ халатттыларды кінәламауға шақырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Біртанов. Фото:DailyNews.kz

Біртанов. Фото:DailyNews.kz

Минстр көпшілікке алдымен кінәлай жөнелуді қойып, толыққанды тексерудің соңын күтуді ұсынған.

Біртанов қоғамдағы қысымның дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіретінін де жасырмаған.

"Бір науқас өлсе, адамдар дәрігерлерді кінәлай бастайды. Ал адамның бұған қандай қатысы бар? Сіздер емнен бас тарту, ата-аналардың балаларына екпе салуға қарсылық танытуы, ер азаматтардың жүкті әйелдеріне есепке тұруға кедергі келтіруі, берілген дәріні ішпей, оның орнына ішімдік пен темекі тұтынуы сынды жағдайларға қараңыздар. Мұның барлығына дәрігерлер кінәлі ме", - деді Біртанов.

Сондай-ақ министр науқастар толыққанды ақпарат бермегенде, ес-түссіз жатқанда дәрігерлердің түйсігіне сүйене отырып шешім қабылдайтынын айта келе, "Оларды осы үшін өлім жазасына кесейік пе?" деп өз ойын білдірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel