RU
Шымкенттік көпбалалы ана бақытты жанұя болудың құпияларын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік көпбалалы ана бақытты жанұя болудың құпияларын айтты

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының 42 жастағы тұрғыны Ғалия Мустахишева қазір жеті баланың анасы. Келіншек NUR.KZ тілшісіне көпбалалы жанұяның артықшылықтары жайлы айтып берді.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан
Source: UGC

Ғалия Алматыда туып-өсіп, сол қалада ағылышын тілі мектебін бітірген. Келіншек "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығын ҚазҰУ-да бітірсе, магистратураны KIMEP оқу орнында бітірген.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан
Source: UGC

23 жаста тұрмысқа шыққан Ғалия бір жылдан соң дүниеге алғашқы сәбиін әкелген. Осылайша, көпбалалы отбасының тарихы басталған.

"24 жасымда мен алғаш рет дүниеге қыз әкеліп, ана атандым. Екіқабат кезімде бала туылған соң қандай керемет өмір кешетінімді елестетіп жүретінмін.
Барлығын ертедігей елестетіп жүргенімнен түк шықпады. Өйткені, шыңғырып жылаған сәби, ұйқының қанбауы, әрқашан ашуланып жүру сынды жағдайлар басталды.
Мен бала босануға дайын емес болып шықтым. Алғашында жұбайым екеуміздің арамызда ұрыс-керістер де көп болып жүрді.
Негізі, біздің алғашқы баламыздың туылуы күйеуіміз екеуміздің есімізде мәңгі қалмақ. Сол уақытта "Ары қарай отбасы болып кете аламыз ба?" деегн сұрақ та туындағаны өтірік емес", - дейді көпбалалы ана.

Ғалияның айтуынша, ол өзі көпбалалы отбасынан шыққан, үш үлкен ағасы бар. Ол болашақта бар махаббатын сыйлау үшін дүниеге тек бір бала ғана әкелемін деп ойлаған екен.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан
Source: UGC

"Кішкентайымнан ата-анам мен ағаларым бар еркелігімді көтеретін. Мұның бәрі ата-ананың үлкен еңбегі екенін ұқтым. Осыдан кейін мен көпбалалы ана болмаймын деп шешім қабылдадым", - дейді келіншек.

Алайда қазір Ғалия мен оның жұбайы жеті баланың ата-анасы болып отыр: Камила-18 жаста, Жәңгір-14 жаста, Зере-10, Дамели-8, Тәңіржан-6 жаста болса, Дәрменнің жасы 4-те, ал Бату бір жасар екен.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан
Source: UGC

"Жеті баланың анасы болудың үш немесе төрт баланың анасы болудан түк айырмашылығы жоқ. Бізде үй қызметкері де, тамақ әзірлеуші де жоқ. Сондай-ақ, біз өз балаларымызды "ата-апаларына"да берген жоқпыз. Себебі, ешкім бізге ештеңеге міндетті емес екенін білеміз. Сол үшін бәрін өзіміз істегіміз келеді", - дейді Ғалия.

Екінші баласы туылғанша, Ғалия банкте жұмыс істеген. Оның қызметіне акционерлермен жұмыс істеу кірген екен. Декреттік демалыстан кейін ол күйеуінің жұмысына байланысты Астана қаласына, артынан Шымкент қалсына көшіп кетеді. Олардың шырайлы қалада тұрып жатқандарына 10 жыл болыпты.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан
Source: UGC

"Менің де балаларды бала күтушіге тастап кеткім кездерім болатын. Бірақ, жұбайымыз екеуміз менің үйде қарапайым ана болып отырғаным дұрыс деп шештік. Одан бөлек, күйеуімнің тапқан табысы балалардың жағдайын үйден шықпай-ақ жасауға көмектесті. Қазір екеуміздің жеке кәсібіміз бар", - дейді шымкенттік ана.

Көпбалалы ана, ең бастысы, отбасында қызғаныш пен текетірестің жоқ болуы деп ойлайды.

Келіншек тағы бір баланы дүниеге әкелуге қарсы емес екенін де жасырмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel