RU
Путин Нурмагомедовты жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар Әлемде

Путин Нурмагомедовты жеңісімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Ресей федерациясының президенті Владимир Путин кеше Лас-Вегас қаласында өткен UFC 229 турнирінде жеңген Хабиб Нурмагомедовты жеңісімен құттықтады деп жазады kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

tvzvezda.ru

Көрнекі фото:tvzvezda.ru

"Мен мына нәрсені мақтан тұтамын. Барлығы Макгрегордың Путинмен суретке түскенін талқыға салуда. Ал, маған Путин мырза жаңа өзі телефон соғып, мені мақтан тұтатынын айтып, құттықтады", - деді жекпе-жектен кейінгі баспасөз-конференциясында спортшы.

Төртінші раундта Нурмагомедов қылқындыру әдісін пайдаланып, қарсыласын жеңді. Хабиб жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын қорғап қалды.

Жекпе-жек соңы төбелеске ұласып кетті. Нурмагомедов Макгрегордың өкіліне шабуылдап, Хабибтің командасының бірнеше өкілі Конорға тап берген. Төбелесушілерді тоқтату үшін қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция келген.

Сіздің реакцияңыз
17
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel