RU
Топтық зорлаудың құрбаны болған ақтөбелік ару кінәлілерді бостандыққа жіберуді өтінді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Топтық зорлаудың құрбаны болған ақтөбелік ару кінәлілерді бостандыққа жіберуді өтінді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік келіншекті зорлаған үш азамат сотталып, түрмеге қамалған болатын. Тергеу кезінде дәлелденген іске қарамастан, зорлаудың құрбаны болған ару райынан қайтып, сотталғандарды босатуды талап еткен деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: big.az

Фото: big.az
Source: UGC

Басылымның мәлімдеуінше, оқиға 2017 жылдың тамыз айында орын алған. Танысы екінші сынып оқушысының анасын қонаққа шақырған. Келген сәтте 28 жастағы әйел адам үйде тағы бір азаматтың барын байқайды. Біраз уақыт өткен соң, тағы бір ер адам келіп қосылған.

Барлығы өзенге бармақ болып, жолдан ішімдік сатып алған.

Нәтижесінде, ішімдікке сылқия тойған ер адам келіншекті жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс білдірген. Алайда, ол өз кезегінде танысының айтқанына келісімін бермейді.

Келіншектің төсектес болудан бас тартқанына ашуланған ер адам оны зорлап тастады. Оған қоса, оның артынан екінші азамат келіп, досының ісін жалғастырған. Оқиғаның барлығын әйел адамның танысы ұялы телефонға түсіріп тұрады.

Зардап шеккен келіншекті соғып, оның киімін суға лақтырып жіберген. Алайда, ол өзіне зорлық әрекет жасағандардан қашып құтылды. Әйел адам өзіне қорлық көрсеткендердің үстінен арыз жазғанымен, тергеу жұмыстары аясында өз райынан айнып қалған. Ол жыныстық қатынасқа өз еркімен түскенін айтты.

Дегенмен сот алқасы ер адамдардың зорлық әрекеттері дәлелденген соң, оларды 6-8 жылға бас бостандығынан айырды.

Ақтөбе тұрғыны өзін зорлап кеткен азаматтарды ақтап алу үшін полиция басқармасы, прокуратура мен қауіпсіздік комитетіне де жүгінген.

"Барлығына өз еркіммен келістім. Бәріміз масайып қалдық та, жаңа нәрсені көрмек болдық. Бұл туралы ешкім білмес те еді" , - деді әйел.

Бүгінде арызын өзгерткен келіншектің өзі 10 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін. Оның үстінен жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз
2
2
3
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel