RU
200 келілік доңызы үшін қалыңдығын тастап кеткен азамат желіні шулатты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

200 келілік доңызы үшін қалыңдығын тастап кеткен азамат желіні шулатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда 37 жастағы азамат үйлену тойының салтанатты рәсімі аяқтала салысымен, қалыңдығын тастап, 200 келілік доңызына кетіп қалған. Джоанна Дуркин жануар үшін тіпті, бал айына да бара алмағанын айтады. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото © PA Real Life

Фото © PA Real Life

Ли Дуркин бар күнін Паснип атты доңызына қараумен өткізеді. Сондықтан үйленбес бұрын қалыңдығына өзінің жануарға деген ерекше махаббатын ескертіп қойыпты.

"Егер біреу үйге пышақ алып келсе, мен бірінші доңызымды қорғаймын. Сүйіктім мұны біледі. Паснип мен үшін әдемдегі ең сүйкімді тіршілік иесі. Бірақ ол бөтен адамдарды тістейді", - дейді Ли.
Фото © PA Real Life

Фото © PA Real Life

Күн сайын азамат Пасниппен бірге отырып кешкі сериалдарын көреді. Ал үйлену тойы өткен күні Ли доңызына әдеттегідей уақыт бөле алмағандықтан, салтанатты аяқтала сала оған қарай асыққан. Нәтижесінде Джоанна алғашқы түнін жалғыз өткізіп, жарының келуін таң атқанға дейін күтіпті.

"Күйеуім мені де бір күні Паснипті жақсы көргендей сүйетін болар деп үміттенемін. Бірақ біздің отбасымызға жануардың кесірі тиіп жатыр деп санамаймын. Егер Паснип бақытты болса, біз де бақыттымыз", - дейді Джоанна Дуркин.
Фото © PA Real Life

Фото © PA Real Life

Сіздің реакцияңыз
3
3
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel