RU
Елімізге белгілі балуан Жансай Смағұлов шаңырақ көтерді (фото)
Жаңалықтар Спорт

Елімізге белгілі балуан Жансай Смағұлов шаңырақ көтерді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал балуан Жансай Смағұлов отбасын құрды. Қуанышты хабарды елге дзюдошы Азамат Мұқанов жеткізді. Отандық спортшы өз парақшасына жас жұбайлардың тойынан сурет жүктеген деп жазады NUR.KZ.

2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Жансай Смағұлов ресми түрде бойдақтар қатарынан шықты. Отандық спортшының шаңырақ көтергенін дзюдошы Азамат Мұқанов хабарлады.

Желі оқырмандары елге танылған балуанның қуанышына қатысты жылы лебіздері мен игі тілектерін білдірген.

"Бақытты болсын! Керемет жұп". "Құтты болсын! Тек қана бақытты болыңыздар" деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, осы жылдың 21 қаңтарында Жансай Смағұлов Тунисте өткен әлемдік деңгейдегі дзюдодан Гран-при турнирінің жеңіспазы атанды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel