RU
Текке кеткен ақша: Астаналықтарға қаладағы жаңа аялдамалар жақпай қалды
Жаңалықтар Қоғам

Текке кеткен ақша: Астаналықтарға қаладағы жаңа аялдамалар жақпай қалды

Рассказать Вконтакте

Астанада күз басынан бері бірқатар аялдамаларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала билігі олардың кейбірін доп тәрізді пішінде салса, енді бірін қарапайым күйінде қалдырды. Десе де аталмыш бастама елордалықтарға жақпай қалған. Олар жаңа аялдаманы жүз рет өзгерткенше, қаланың кей аудандарының жолын жөндесін деген тілек айтты. Қала тұрғындарының уәжін NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Мәселен "Самал" ықшамауданында "Bus" - "автобус" деген жазбасы бар аялдама бой көтерді.

Ал, былтырғы жылы "Сарыарқа" даңғылының бойында күннің суытуына орай, "қызыл қалпақты" аялдама салынған еді.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан
Source: UGC

Дәл осындай арнайы тақырыптық аялдама Мұңайтпасов атындағы футбол алаңының жанынан бой көтерген екен.

Фото: astana.gov.kz

Фото: astana.gov.kz
Source: UGC

Десе де, астаналықтарға қала билігінің мұндай бастамасы ұнамаған сыңайлы. Олар ақшаны аялдамаға жұмсамай, тілім-тілім болған жолдарға неге пайдаланбады деген уәждерін айтты.

"Міне, қаланың сол жағалауындағы "Керуен" сауда орталығының жанынан мынадай аялдама соғып жатыр. Мәнісі неде? Жап-жаңа, тиянақты аялдама бұл жерде бұрыннан тұр. Егер қаланың басқа аудандарындағыдай сыртқы пішіні басқа аялдама болса, бір сәрі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Бірақ бір-бірінен аумайтын, тек бір метр ары аялдама тұрғызғаннан не пайда? Айтыңыздаршы? Ақшаны текке жұмсау ғой? Мен қалада жолдары төселмеген талай көшелер мен аудандарды білемін. Одан да сол қаржыны неге сонда жұмсамайды?", - деп ашынды қала тұрғындарының бірі.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

"Әкімдік осы аялдамалар үшін де ақша бөледі емес пе? Яғни бюджеттен ақша аударып, оны қалтаға басудың бір әдісі шығар. Әрине, әдемі көрінгені жақсы. Бірақ, қалада бұдан басқа түйткілді проблемалар жететін шығар: жол, арық, жетпейтін балабақша дегендей. Халықтың да уәжін бір мезгіл ескерсе, мұндай қисынсыз жобалар мен түрлі арт-нысандар үшін, жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы бөле бермейтін еді", - дейді тұрғындар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel