RU
Оралда мектеп оқушыларына газ шашып жіберген қыз анықталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда мектеп оқушыларына газ шашып жіберген қыз анықталды

Рассказать Вконтакте

Оралдық мектепте белгісіз заттан уланған 15 оқушы мен бір ұстазға өзін қорғауға арналған баллоннан газ шашқан оқушы қыз анықталды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Фото: Ашық дереккөзден/ zakon.kz

Фото: Ашық дереккөзден/ zakon.kz

Оқиға 4 қазан күні орын алған. Мектептен 300-ден аса оқушы шығарылып, бес оқушы мен бір мұғалім ауруханаға түсті. Зардап шеккендер 8 және 11 сынып оқушылары болып шыққан.

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті №40 мектепте оқушыларға газ шашқан қыз туралы ақпарат берді.

"Белгісіз заттан улану фактісі бойынша Оралдағы №40 мектепте тексеру басталды. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері газды балоннан газ шашыратқан қызды анықтады",- деп хабарлады полицияда.

Аталған фактіге байланысты сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Оралдағы мектептің бірінде 15 оқушы мен бір ұстаздың белгісіз заттан уланып, ауруханағ түскенін жеткізген болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel