RU
Шығыс Қазақстанда азамат өз үйінде өртеніп кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шығыс Қазақстанда азамат өз үйінде өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Оқиға 5 қазан күні Серебрянск қаласында орын алған. Өрт жеке тұрғын үйде түнгі сағат 10-да шыққан деп хабарлайды "NewTimes.kz" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

lastday.club

Көрнекі фото:lastday.club

Өрт сөндіру қызметін көршілер шақырған. Өрт сөндірушілер келгенше қызыл жалын үйдің бәрін жалмап үлгерген. Құтқарушыларға үйде адамдар бар екенін естіп, бірден үйге кірген.

Олар ес-түссіз жатқан 1967 жылғы ер адамды тапқан. Азамат газбен уланып, екі аяғы бірдей күйіп қалған.

110 шаршы метрды шарпыған өрт бір жарым сағаттан кейін өшірілген.

Қазір өртке жауаптылар мен шығындар анықталу үстінде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel