RU
Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері журналист қызға қол көтергені рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері журналист қызға қол көтергені рас па?

Рассказать Вконтакте

Алпамыс Шәрімов әлеуметтік желіде өзіне қол көтерді деп айыптаған журналистің сөзіне жауап берді. Димаш Құдайбергеннің бұрынғы продюсері басы дауға қалған оқиға туралы мәлімдеме жасап, өзінің кінәсі жоқ екенін видео арқылы дәлелдеген деп жазады NUR.KZ.

Алпамыс Шәрімов ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін желіде шу тудырған оқиға жайлы өз пікірін айтты. Ол өзіне қол көтерді деп айыптаған журналистің сөзін жоққа шығарды. Димаштың бұрынғы продюсері дауға әкеп соқтырған жағдай жайлы өзінің Facebook парақшасына жазба қалдырды.

Алпамыс өмірінде өзінің ешкімге қол көтермегенін айтып ақталған. Оған қоса, ол журналистің айыптауларына келіспей, оның өзі туралы айтқанын жоққа шығарды.

"Оралдық журналисттің маған ренжулі постын оқығанда "Бұл кісі кім туралы айтып отыр екен" деп таңқалдым. Жалғызбасты ананың тәрбиесімен өскен мен әйел адам түгіл өмірімде ешкімді де ұрып көрмеппін! Және де "Бір рет емес бес рет ұрды" дейді. Бұл далбасалыққа кім сене қояр деп осы күндері үндемей қойғанмын. Бірақ, осы оқиға осыншама резонанс туғызып, менікі "молчание знак согласие" болып қалмасын деп жазып отырмын" , - деп бастады продюсер.
Ешкімнің алдында ақталмаймын. Оқиғаны видео дәлелмен жариялауды жөн көрдім. Балдың жұмыс істеу зонасында тұрған барлық жандарға я отыруларын немесе жолда тұрмауларын өтінген болатынбыз. Сол сәтте бір журналисттің маған "не бейте" деген сөзін өзім де түсінбей қалдым. Ұрмақ түгіл, саусағымның ұшын тигізбеген сәтте қатты ашуға беріліп, долданып кеткен оны ешкім кештен қуып шыққан жоқ" , - деді Алпамыс Шәрімов.

Өз айтқанына Димаш Құдайбергенннің бұрынғы продюсері видеожазба түріндегі дәлелдемелер келтірген. Ол әрбір қимылының қай уақытта және қалай жасалғанына дейін тізіп жазып шыққан.

Сонымен қатар, Шәрімов өзін "адам менсінбейді" деп сөккен журналистер қауымына да жауап беруді жөн кіріпті. Ол ақпарат өкілдеріне асқан сыйласымдықпен қарап, оларды нағыз төртінші билік деп санайтынын алға тартты.

Ел арасында шу тудырған оқиға Алпамыстан гөрі оның анасына ауыр тиген. Ол анасын сұрақтың астына алған көпшіліктің күдігіне нүкте қою мақсатында арнайы пост жариялауға бекінген.

"Дәл бүгін әкемнің өмірден өткеніне 25 жыл. Журналисттің постындағы әсіресе "тәрбиесіз" дегені мені жалғыз бағып өсірген анамның жүрегіне қатты батты. Көрші көлемнің анама қайта-қайта хабарласып, мазасыз қойған сұрағы да бұл постты жазуыма мәжбүр етті. Жазасыз жанды қараламас бұрын, жасап жатқан ісімізге оң бағасын беріп алғанымыз абзал.
Менің тарапымнан қандай да бір қателік кетсе, кешірім сұраймын. Әр күнге махаббатпен қараңыздар", - деп жауап қайырды Димаш Құдайбергенннің бұрынғы продюсері.

Айта кетейік, оралдық журналист өзіне Алпамыс Шәрімовтың қол көтеріп, балдан қуып шыққаны жөнінде жазған болатын. Ол танымал продюсердің өркөкіректілігін сынға алған боалтын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel