RU
Қостанайда жүргіншілер жолынан өткен 71 жастағы кейуананы қағып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда жүргіншілер жолынан өткен 71 жастағы кейуананы қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласында 6 қазан күні жаяу жүргіншілер жолында әйел жүргізуші 71 жастағы кейуананы қағып кетті деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

pfgfx.ru

Көрнекі фото: pfgfx.ru
Source: UGC

Оқиға жөнінде оқырмандар хабарлаған. Олар редакцияға бейнекамералардың жазбасын және скриншоттар жіберген.

Жазбада жүргізуші әйел кейуананы қағып, содан кейін көлігіне отырғызып алып кеткені көрінеді.

kstnews.kz

Көрнекі фото: kstnews.kz
Source: UGC

Қостанай қаласының ІІБ "102" пультіне қоңырау 6 қазан күні сағат 14.31 түскен. «Киа Рио» маркалы көлік Рабочая көшесінде жаяу жүргіншілер жолында 71 жастағы әйелді қағып кеткен. Көлік тізгінінде 47 жастағы әйел адам отырған. Ол жапа шеккен азаматшаны ауруханаға өз бетімен жеткізген.

"Бұл факті бойынша сараптамалар тағайындалып, нәтижелері бойынша шешім шығарылады", - деп жауап берді құзіретті орган өкілдері.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel