RU
Томирис Байсафаның анасы қызының бұрынғы жігітіне арнап пост жазды
Жаңалықтар Қоғам

Томирис Байсафаның анасы қызының бұрынғы жігітіне арнап пост жазды

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылдың көктемінде Мәскеу қаласында көз жұмған Томирис Байсафаның анасы пост жазып, спортшы Хабиб Нурмагомедовтың іс-әрекетін қызының бұрынғы жігітінің қылықтарына теңеді. Жанна Ахметова бозбала қызының "айырылысамыз" деген сөздеріне осындай әрекеттермен жауап беруі мүмкін екенін жазды деп NUR.KZ хабарлайды.

nur.kz

Көрнекі фото:nur.kz

Жанна Ахметова бұл жекпе-жекті күтіп, кейін қызу талқылағанын жасырмады. Өзі "Макгрегорды" қолдаған екен. Жеңімпаздың жекпе-жектен кейінгі әрекеттері оның қандай адам екенін көрсетенін баса айтып өтті.

"Жеңімпаз қазір "Макгрегор былай деді, мынаны айтты" деп ақталуда. Дегенмен, сен ересек адамсың. Саған дүниежүзі қарап отыр. Сен чемпион болдың", - деп жазды Ахметова.

Ахметова жұрт алдында ерсі әрекетке барған Нурмагомедовті мысалға келтіре отырып, қызының танысы Меджидовтің Томириспен оңаша қалғанда не істегенін болжамай-ақ білуге болатынын жазды.

"Сол күні аудиторияда не істегеніңе Алла ғана куә (әзірше). Қазір менің қызым жоқ. Қызым "айырылысайық" дегенде ішіңді ашу кернеп, өзіңді ұстай алмай қалдың ба? Сені жек көремін", - деп жазды ашынған ана.

Бұл жазбасын Меджидов оқитынын және жекпе-жекте оның кімді қолдағанын білетінін айтып өтті.

Бәрі бір Алланың қолында екенін жазған Ахметова, Томиристің сіңлісінің жағдайын айта кетті.

"Томиристің сіңлісіне әпкесі ауадай қажет болып жүр. Ол қазір соқыр марғаудың күнін кешуде. Ол отбасымыздың кенже қызы еді", - деп Жанна ханым жазбасын аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, Томирис Байсафа 13 сәуірде Мәскеудегі МХҚИ ғимаратының терезесінен құлап, мамырдың басында алған жарақаттарынан көз жұмған болатын. Істі РФ тергеу комитеті тергеп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel