RU
Ақтөбеде қатерлі дертке шалдыққан төрт жасар қыз көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде қатерлі дертке шалдыққан төрт жасар қыз көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі мұқтаж отбасылар мен науқас балаларға көмектесіп жүрген Екатерина Голотина дәрігерлердің алдында жылап тұрып көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото:Rep.ru

Фото:Rep.ru

"Мен еріктілердің атынан айтқым келеді. Онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмек керек. Түнде 4 жасар бала қайтыс болды. Бізде төртінші деңгейдегі онкологиялық ауруға шалдыққан балалар өте көп. Оларға ешқандай көмек көрсете алмай жатырмыз. Олар шарасыз күйде өмірден өтіп жатыр.

Ауруға шалдыққан балаларды арнайы орталыққа жатқызып, тиісінше ем жасаса екен. Олар қиындық көрмей, мүмкіндігінше ауруды сезбесе екен дейміз. Осындай науқас балаларды күтіп отырған аналармен кездесу ұйымдастырыңыздаршы", - дейді Екатерина Голотина.

Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоғамының төрайымы Құралай Байменова ерікті жұбатты.

"Мен Катяны жақсы түсінемін. Өмір үшін күресіп жүрген адамға психологиялық, моральдық көмектің қандай қажет екенін жақсы білемін. Бүлдіршіндерімізге өмірден өтуге қорықпайтындай жігер беретін осындай еріктілердің бары қуантады. Ол да үлкен жауапкершілік. Бүгінгідей қарбалас заманда өз еркімен шексіз мейірімділікпен біреудің қайғысын бөлісу кез келген адамның қолынан келмейді", - дейді Құралай Байменова.

Ал денсаулық сақтау басқармасының мамандары облыс бойынша қатерлі дертке шалдыққан балаларға арналған үш қана кереует бар екенін айтты.

"Бізде балаларға паллиативтік көмек көрсететін үш керует бар. Өкінішке орай жылда осы керуетте 3-4 бала онкологиялық аурудан көз жұмады. Ең соңына дейін көмек көрсетеміз. Баланы ауруханада жатқызғысы келсе, аламыз. Кейбір ата-аналар баламен үйде қоштасқанды қалайды. Біз балаларға арналған жаңа оңалту орталығын салып жатырмыз. Онда онкологиялық бөлімше болады. Паллиативтік көмек көрсететін арнайы орын бөлінген. Денсаулық сақтау басқармасы бұған барынша көңіл бөліп жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel