RU
Айқын Төлепбергеннің әнші қызы көпшілікті тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқын Төлепбергеннің әнші қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген бірінші некедегі балаларымен видео жүктеп, көпшілікті тәнті етті. Оқырмандар әкесіне ән орындаған отандық жұлдыздың қызына сүйсінген деп жазады NUR.KZ.

Айқын Төлепберген өзінің Instаgram парақшасында алғашқы отбасындағы балаларымен көңіл көтеріп жатқан видеосын жүктеді. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызының өнерлі бүлдіршіндеріне тәнті болған. Әсіресе отандық жұлдыздың қызы оқырмандарды ерекше сүйсінтті.

"Менің әнші-композитор қызым. Әлі сөйлемесе де ән шығарғанға мастер. Одан қалмай суретші. Әсіресе бетке суретті күшті салады. Папасының қызы ғой" , - деп жазды әнші.

Желідегілер балақайдың әке жолын қуып, оның әншілігін жалғастырады деген болжам жасады.

"Қандай тәтті өзі. Балаларыңыз бақытты болсын", "Жарайсыз Айқын. Балаларыңызбен байланысты үзбеңіз. Қызыңыз сіздің жолыңызды қуатын сияқты", "Сіз сияқты әнші болады-ау осы қызыңыз", "Екі отбасыңызға да уақыт табасыз. Әйелдеріңізбен де қарым-қатынасыңыз жақсы секілді. Бақытты болыңыздар", "Балаларыңыз тек қуанта берсін. Қызыңыз тәтті-ақ" деп жазуда оқырмандар.

Айқын Төлепбергеннің әндерін біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
4
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel