RU
Ақтөбелік ару Сирияға кеткен ағасының жантүршігерлік оқиғасын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік ару Сирияға кеткен ағасының жантүршігерлік оқиғасын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбенің Нұрагүл есімді тұрғыны 2015 жылы Сирияға кеткен ағасының жантүршігерлік оқиғасын айтып берді. Ол қазір Руслан Ермағамбетовтің не тірі, не өлі екені белгісіз екенін жеткізді деп хабарлайды Aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото.warfiles.ru

Көрнекі фото.warfiles.ru

Сирияға ақша табу үшін кеткен Русланнан туыстары үш жыл бойы хабар ала алмаған. Осылайша, 40 жастағы азамат із-түссіз жоғалғандардың тізіміне де еніпті.

Алайда осыдан төрт ай бұрын Ермағамбетов Whatsapp желісіне үш жыл бойы Сирияда соғысқанын, енді бір топ ақтөбеліктермен елге оралғысы келетінін айтыпты. Сондай-ақ, азамат "джихадтан" көңіді қалғанын, алғашында оларға үй мен көлік, айына 600-800 доллар беріп тұрса, қазір қаржыландыру аяқталғанын жеткізген көрінеді. Оның, тіпті, кері қайтуға да ақшасы жоқ болған екен.

Одан бөлек, Руслан қарындасына Сирияда Қырғызстанның төрт баласы бар азаматшасына үйленгенін, ол өзіне бір бала туып бергенін айтыпты. Ақтөбелік азамат пен Қайыргүл есімді келіншек Кишма деп аталатын ауылда күн көріп жүрген екен.

Осыдан соң Рулсан мен қарындасы ара-қатынастарын тағы үзіп алады. Тек араға бірнеше ай салып байланысқа Қайыргүл шыққан.

"Қайыргүл маған Русланның үш ақтөбелікпен бірге Қазақстанға қашып кетпек болғысы келгенін айтты. Олар өздерін Абу Усман және Абу Саид деп атайтын екі ағайынды мен Абу Хузайфа есімді азамат екен. Бірақ, олар жоспарларын орындай алмай, шекарада ұсталып қалған көрінеді", - дейді Нұрагүл.

Қайыргүл жұбайын наурыз айынан бастап шілдеге дейін түрмеде ұстағанын, қасындағы үш жігіт те 30 жасқа толмаған азаматтар екенін айтыпты. Олар ұсталғанда барлығына Русланды кінәлап, босап шыққан екен. Ал қазір түрмеде қалған Нұрагүлдің ағасы не тірі, не өлі екені белгісіз дейді.

Русланның жұбайы ислам дінінде өтірік айту мен сатып кетуге болмайтынын, ал ақтөбеліктер оның жұбайын осылай тастап кеткеніне өкпелі екенін айтқан.

Ағасын шарқ ұра іздеген Нұрагүл Сирияда ешқандай да қасиетті джихадтың, Халифаттың жоқ екенін айтты.

"Сирияда қазір қаржыландыру жоқ, сол үшін мұсылман бауырлар да бір-бірін сатып жатыр. Ертегідей әңгімеге сенбеңіздер. Менің ағам қасиетті соғысқа кеттім деген, ал қазір оны сатып кетті. Жұбайы мен баласына қарайтын ешкім жоқ, өзі де қайда екені белгісіз", -деді Нұрагүл.
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
4
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel