RU
Қостанай тұрғынын көлігінде буындырып өлтіріп кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай тұрғынын көлігінде буындырып өлтіріп кеткен

Рассказать Вконтакте

Қостанайда ер адамды өз көлігінде буындырып өлтіріп кеткен. Жедел-іздестіру нәтижесінде 29 жастағы күдікті ұсталды деп хабарлайды alau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: myslo.ru

Көрнекі фото: myslo.ru
Source: UGC

Оқиға 22 қыркүйек күні Қостанай қаласының Кубеев көшесінде болған. Үй ауласындағы "Форд-транзит" көлігінің ішінен ер адамның денесі табылыпты.

"Жедел іздеу жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұрын ұрлық үшін қылмыстық жазаға тартылған 29 жастағы күдіктіні тұтқындады. Істі тергеу кезінде күдіктінің жапа шегушіні ашуға бұлыққан кезде буындырып өлтіргені анықталды", - деп хабарлады ІІБ баспасөз өкілдері.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel