RU
Сірнені "сыр" деп аударғандар алматылық жігіттің ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Сірнені "сыр" деп аударғандар алматылық жігіттің ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Алматы әуежайында асханалардың біріндегі ас мәзірі жергілікті тұрғынның ашуын келтірді. Ер адам ұлттық тағам болып саналатын сірнені ағылшын тіліне дұрыс аудармаған асхана басшылығына шүйліккен деп жазады NUR.KZ.

Фото: MedPortal.ru, lapku.ru, apnafoodtv.com Коллаж: NUR.KZ.

Фото: MedPortal.ru, lapku.ru, apnafoodtv.com Коллаж: NUR.KZ.
Source: UGC

Әуежайдағы асхананың мәзірінде сірне - ірімшік, ал қой еті - "buranine" болып бұрмаланып кеткен. Орын алған оқиға алматылық жігіттің ашу-ызасын келтіргені соншалық, ол бұл ыңғайсыз жағдаймен көпшілікпен бөлісуді жөн көрген.

Ер адам өзінің Facebook парақшасына болған оқиға жайлы жазба қалдырды.

"Бұл біздің әуежайдан түсірілген. Мынау деген масқара, ұят жағдай ғой. Қой етін Buranine деп мазақ еткенін еш жерде естіп көрмеппін. Бір ақымақтың ісі ғой. Оның ойынша, қой етіннен жасалатын сірне, қойдың ірімшігі. Шетелдіктерді қабылдайтын әуежайдың түрі осы болғаны ма? Қайдағы туризмді айтып отырсыздар?

Алматы тұрғыны жүктеген суретте қой етінен жасалынған тағамдар - "dishes from buranine", ал сірне - "cheese from mutton" деген аудармаға ие болған.

Желі қолданушылары асхана басшылығының аудармашыға ақшаларын шашқысы келмегенін айтып, мейрамхананы сынап тастады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel