RU
Бойжеткеннің сеуіп келген әтірінен 18 студент ауруханаға түсті
Жаңалықтар Әлемде

Бойжеткеннің сеуіп келген әтірінен 18 студент ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Татарстандағы педагогикалық колледжде студент қыздың сеуіп келген әтірінен 18 адам уланып, ауруханаға түскен. Олардың басы айналып, жүректері айнып, тіпті қан қысымы түсіп кеткен деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: AromaCODE.ru

Көрнекі фото: AromaCODE.ru

Татарстандағы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сергей Осипов студенттердің улануына себеп болған әтір құрамындағы компонент дейді.

Қазір олардың барлығы ауруханада тиісті ем-дом шараларын қабылдап жатыр екен.

Айта кетейік, әтір құрамына токсикологиялық сараптама әлі де жүргізіліп жатыр.

Осы оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс ашты. Онда қауіпсіздік талаптарын сақтамаған тауар өндіруші мен мерзімі ескіргеніне қарамастан оны сақтаған сатушыға қатысты тексеріс басталған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel