RU
Алматыда жексенбі күні әл-Фараби, Абай даңғылы мен Сайын көшесі жабылады
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жексенбі күні әл-Фараби, Абай даңғылы мен Сайын көшесі жабылады

Рассказать Вконтакте

14 қазан күні "Алматы Жартылай марафоны" кезінде сағат 0:00-ден бастап 12:30-ға дейін бағдардың өтетін орындарында автокөлікке арналған жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Алматы марафоны" ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: "Алматы марафоны" ұйымдастыру комитеті

Фото: "Алматы марафоны" ұйымдастыру комитеті

Жартылай марафон сөресі Тұңғыш Президент саябағында басталады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 0:00 бастап 12:30 дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 7:20- дан бастап 8:00-ге дейін жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Мұстафин көшесінен бастап Шашкин көшесіне дейін сағат 07:00 бастап 11:30 дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Ал Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін сағат 03:00 бастап 11:30 дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сәкен Сейфуллин даңғылы бойымен әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:30 бастап 10:00 дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толықтай жабылады.

Абай даңғылы бойымен Сәкен Сейфуллин даңғылынан бастап Сайын көшесіне дейін сағат 07:20 бастап 12:00 жабық болады. Солтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сайын көшесі бойымен әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:00 бастап 11:00 дейін жабық, ал батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Мәліметтер жүгіру жарысына қатысушылардың қозғалыс уақытын үнемді бөлуді есебімен енгізілді.

Алматы Жартылай марафоны 2018 кезінде жолдарды жабу кестесі (14.10.2018)

Алматы Жартылай марафоны 2018 кезінде жолдарды жабу кестесі

Алматы Жартылай марафоны 2018 кезінде жолдарды жабу кестесі

Тұңғыш Президент Саябағына автокөлікпен өтуге кеңес етілген бағдар:

1. Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,

2. Науаи көшесімен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,

3. Садықов көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,

4. Дулати көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін.

Жолдардың бос болмауына байланысты қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш Президенті Саябағы) Әл-Фараби және Мұстафин көшелері қиылысына дейін автобуспен баруға кеңес береміз.

Сөре (Тұңғыш Президенті Саябағы) және мәре (Орталық стадион) жанындағы тұрақтарға көлікті қоюдың қиындауы мүмкін екенін ескертеміз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel