RU
Астаналық кондуктор жолақысын төлемей, балағаттап кететін жастарға күйінді
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық кондуктор жолақысын төлемей, балағаттап кететін жастарға күйінді

Рассказать Вконтакте

Астаналық кондуктор елордада жолақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгелі бері, қала халқының ашушаң әрі автобуста тегін жүруге әуес болып кеткенін айтты. Оның сөзінше, заңсыз қала ішімен жүріп, бір тиын төлегісі келмейтіндерің дені – жастар көрінеді. Олар тіпті, кондуктор мен жүргізушіні балағаттап тастаудан тайынбайды екен деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: Postimees

Көрнекі фото: Postimees

Астаналық Айжан есімді (авт. аты-жөні өзгертілді) кондуктордың айтуынша, оның бұл қызметте жүргеніне төрт жылдан астам уақыт өтіпті. Бұрындары жолаушылар тәртіпті бағынатынымен, кейінгі жылдары "жастар тым еркінсіп кеткен" көрінеді. Олар жолақыны төледім деп бетбақтырмай, тіпті, кей кездері кондукторларды балағаттап тастайды екен.

"Осы төрт жылда талай дүниені көрдік. Жүргізушілер мәдениетсіз, кондукторлар тәртіпсіз деп жатады. Біздің еңбекті білетін жан бар ма екен? Мысалы кей күндері маршрутымыз түнгі 12-ге дейін жүретін күндер болса, екі-ақ сағат тынығамыз. Таңғы 4-те автопаркке барып, жолға шығуға қамдануың керек.
Байқап қарасаңыздар, автобус жүргізушілері мен кондукторлары бәрі қарапайым қазақтар, ауылдан келген адамдар. Еріккеннен ешкім жүрген жоқ. Мына жаңа жүйе, яғни картамен жолақысын төлеу тәртібі енгелі бері, тіпті, жап-жас балалардан түрлі сөз еститін болдық. Балағаттап, аузына келмейтінді айтып кетеді", - деп күйінді кондуктор.

Сонымен бірге, ол жолақысын төлемей кететіндердің көпшілігі жастар екенін жасырмады.

"Үлкендер қауымының ұяты бар. Автобусқа кіре салысымен, жолақысын картамен төлеп жатады. Жастар олай емес, жанына барып, қақсамайынша, бетіңе қарап, төледім деп отыра береді. Тексерген кезде төлемеген болып шығады. Өткенде қаланың бірнеше маршруттары кондукторсыз жұмыс істеп көрді. Автобусқа мінген 1000 адамның тіпті жартысына жуығы валидация жасамаған күндер болды.
Халыққа айтарым, әркімнен сөз естіп, біреу үшін жұмыс істеп жүрген ешкім жоқ. Бәріміздікі қып-қызыл еңбек. Сол еңбегімізге құрметпен қараса екен деген тілегіміз бар. Иә, бәрі бірдей сүттен ақ, судан таза емес. Арасында жөнді жұмыс істемейтін кондукторлар да болады. Бірақ, біздің де бала-шағамыз бар, солардың қамы деп осылай әйел басымызбен, күн-түн демей жұмыс істеп жүрміз. Әсіресе, жастар жағы балағаттамай, жолақыны тек уақтылы төлесе болғаны. Басқа сіздерден ештеңені талап етпейміз", - деп әңгімесін аяқтады келіншек.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel