RU
Сыртқы істер министрлігі: Ертаев әлі Қазақстан азаматы болып табылады
Жаңалықтар Қоғам

Сыртқы істер министрлігі: Ертаев әлі Қазақстан азаматы болып табылады

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев дәл қазір Қазақстан азаматы болып табылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспсөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: dixinews.kz

Фото: dixinews.kz

Журналистер Смадировтан Жомарт Ертаевқа қатысты БАҚ беттерінде жарияланған мәліметтердің растығын сұрады. Онда Ресей тарапының банкирді елге қайтармайтыны және көрші ел азаматтығын алатыны жазылған болатын.

"Бұл ақпаратты мен де көрдім. Жомарт Ертаевқа қатысты қылмыстық іс Қазақстан мен Ресейдің құқық қорғау органдарында жүргізіліп жатыр", - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ол СІМ-нің тергеу ісіне араласпайтынын мәлім етіп, істі еліміздің Бас прокуратурасы жүргізіп жатқанын баяндады.

"Ертаев Ресейдің азаматтығын алмас бұрын Қазақстан азаматтығынан бас тартуы керек. Ал қазір бізде ондай мәлімет жоқ", - дейді СІМ баспасөз қызметінің басшысы.

Еске салсақ, осыған дейін Ресей елінің Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартқаны туралы ақпарат тараған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel