RU
Роналдуға тағы бір бойжеткен "зорлады" деген айып тақты
Жаңалықтар Спорт

Роналдуға тағы бір бойжеткен "зорлады" деген айып тақты

Рассказать Вконтакте

Криштиану Роналдуды өзін зорлады деп айыптаған Кэтрин Майоргидің қорғаушысы "Ювентустың" шабуылдаушысынан тағы бір бойжеткеннің жапа шеккен хабарлады деп жазды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Eurosport

Көрнекі фото: Eurosport
Source: UGC

"Маған спортшыдан дәл осындай қорлық көрген әйел хабарласты", - дейді Лесли Стовалл.

Қорғаушы екінші жапа шегушінің аты-жөнін айтудан бас тартты, дегенмен ол әйел спортшы тарапынан көрген зорлық жөніндегі бар ақпаратты Лас-Вегас полициясына беретінін айтып өтті.

Естеріңізге салсақ, 28 қыркүйек күні Майорга ханым алғаш рет Роналдуға "зорлады" деген айып таққан болатын.

Оқиға 2009 жылы Лас-Вегас қаласында болған көрінеді. Кэтриннің айтуынша, спортшы бойжеткеннің үнсіздігі үшін оған 375 мың доллар төлеген екен.

Танымал шабуылшы айыптауды жоққа шығарып, Кэтрин Майоргамен соттасуға бел буған.

Осы дау салдарынан Роналду Португалияның жуырдағы матчтарына қатыса алмайды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel