RU
Қазақстанның 7 азаматы Қытайда тұтқында отыр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстанның 7 азаматы Қытайда тұтқында отыр

Рассказать Вконтакте

Қытайда жыл басынан бері екі азаматтығы бар деген күдікпен Қазақстанның 22 азаматы қамауға алынды. Бұл туралы СІМ баспасөз бөлімінің басшысы Айбек Смадияров мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: vizaimm.com

Көрнекі фото: vizaimm.com

"Олардың 15-і қазір босатылды, ал қалғандары бойынша іс тексеріліп жатыр", - дейді Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі тағы бірнеше адам Қазақстанның Қытайдағы құжат мекемелеріне көмек сұрап барғанын жеткізді.

"2018 жылдың 8 қазанына дейін Қазақстанның 618 азаматы Сыртқы істер министрлігінің көмегіне жүгінді. Олар мәселесі әртүрлі, ішінде екі азаматтық бойынша істер, Қытай азаматтығынан шығу үшін берілетін анықтамалар туралы сұрақтар да бар", - деді ол.

Смадияровтың сөзіне сүйенсек, еліміздің сыртқы саясат ведомствосы көрші елмен күн сайын байланысып, мәселелерді шешуге тырысуда.

"Біздің Бейжіңдегі елшілігіміз Қытай тарапымен жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ СІМ елшілік қызметінің департаменті де Астанадағы Қытай елшілігімен тығыз байланыста. Біз мәліметтермен алмасып отырамыз", - дедй Айбек Смадияров.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel