RU
Ресейде есін жоғалтқан қазақстандық азаматтың туыстарына іздеу салынды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ресейде есін жоғалтқан қазақстандық азаматтың туыстарына іздеу салынды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Новосибирск облысындағы Барабинск орталық ауруханасында Өскеменнің Алексей Захарченко есімді тұрғыны жатыр. Ол бір жарым ай бұрын жол-көлік апатына түсіп, есте сақтау қабілетінен айырылған. Сондықтан ресейлік азамат оның туыстарына іздеу салды деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: yk-news.kz

Фото: yk-news.kz

Ресейліктің айтуынша, Алексей өз-өзіне енді келе бастапты. Ол көрші палатада жатқан науқастың парақшасын әлеуметтік желіден тауып алған.

Азамат оның достарына хат жолдағанымен, еш нәтиже болмапты.

"Жақында мен ауруханадан шығамын. Сондықтан Алексеймен енді жолыға алмаймын. Оның жақындарын іздеп табуға көмектесіңіздер", - дейді Алексейге жаны ашыған ресейлік азамат.

Сондай-ақ қазақстандыққа көмектеспек болған жігіт редакцияға оның суретін де жолдапты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel