RU
Алматыда жолдың қақ ортасында "өнер" көрсеткендерге іздеу салынды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жолдың қақ ортасында "өнер" көрсеткендерге іздеу салынды (видео)

Рассказать Вконтакте

Өткен жексенбіде Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жол ережесін бұзып, көлігімен "өнер" көрсеткендердің видеосы желіде тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды
Source: UGC

Instagram желісінде жарияланға видеода бірнеше көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзып, той кортежінде көңіл көтергенін байқауға болады.

Оны көрген желі қолданушылары видео кейіпкерлерін қатаң түрде жазалап, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыру керек деп отыр. Видеода тіпті көліктердің нөмірі де анық көрініп тұр.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі аталмыш кортежге қатысты пікір білдірді.

"Әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальоны тексеру шараларын бастап кетті. Нәтижесі белгілі болған соң, көлік жүргізушілеріне заң аясында тиісті шара қолданылады", - деп хабарлайды полицейлер.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel