Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең сұлу бұрынғы ханшайым миллиардерге тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Саудиялық ханзаданың бұрынғы әйелі, әлемдегі ең сұлу ханшайымдардың бірі саналған Амира ат-Тавиль қайта тұрмысқа шықты. Хас сұлудың бұл жолғы таңдауы БАӘ-нің сымбатты бизнесменіне түскен деп жазады Woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Амира қазіргі күйеуімен қайда және қашан танысқаны белгісіз.

Желіден осы жылдың қыркүйек айында бұрынғы ханшайымның заңды күйеуі атанған 39 жастағы миллиардер Халифа ибн Бутти аль-Мухайридің тек бір ғана суретін табуға болады.

Фото: oyalty.livejournal.com
Фото: oyalty.livejournal.com: UGC

Фото: businessmagazin.ro
Фото: businessmagazin.ro: UGC

Британдық Mail Online-дың жазуынша, олардың тойы Парижге жақын жердегі Chateau de Vaux le Vicomte деп аталтын зәулім сарайда өткен.

Chateau de Vaux le Vicomte сарайы. Фото: detoursenfrance.fr
Chateau de Vaux le Vicomte сарайы. Фото: detoursenfrance.fr: UGC

Бұл тойдың құпия болғаны соншалық интернетке жұбайлардың қуанышты күнін бірде-бір фото таралмаған. Тіпті, той туралы жаңалықтың өзі бір айдан кейін белгілі болып отыр.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: UGC

Айта кетейік, Амира ат-Тавиль өзінен 28 жас үлкен ханзада Аль-Валида ибн Талалға тұрмысқа шығып, өзі 2013 жылы ажырасуға арыз берген.

Амира ат-Тавиль бұрынғы күйеуі Аль-Валида ибн Талалмен. Фото: woman.ru
Амира ат-Тавиль бұрынғы күйеуі Аль-Валида ибн Талалмен. Фото: woman.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1756854-lemdegi-e-slu-bryngy-hansajym-milliarderge-trmyska-sykty-foto/

pixel