RU
Өзбекстандық ерлі-зайыптылар Жамбылда құлдықта болғанын айтып, жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Өзбекстандық ерлі-зайыптылар Жамбылда құлдықта болғанын айтып, жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Өзбекстандық ерлі-зайыптылар Жамбылда құл иеленушілерден зәбір көргенін айтқан. Олар бес ай бойы мал бағып, жалақы алмағандарын да жеткізген деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: UGC

Олардың айтуынша, кәсіпкерлер ерлі-зайыптыны ұрып-соғып, жалақыларын бермей қойған. Тіпті қашып кетпеуі үшін Расулжанның әйелін үйде кепілдікте ұстапты.

Өздеріне тиісті қаражатты ала-алмаған ерлі-зайыпты қашуға әрекет жасаған. Ал ұсталып қалғанда оларды сол үйдің баласы сабаған екен.

Өзбекстандық азамат Расулжан Шәріпов осы оқиғадан соң кәсіпкер тарапынан қысым көбейгенін айтты.

"Қарт анам мен екі балам бар. Көмек көрсететін ешкім жоқ", - дейді Өзбекстанның 44 жастағы азаматы.

Алайда Өзбекстан азаматтары үйден босап, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілгенде сөз сарындарын өзгерткен.

Тергеу барысында ерлі-зайыптыны ешкімнің күштеп ұстамағаны, еңбекақысын уақытылы алып отырғаны анықталған. Сондай-ақ медициналық сараптама нтижесінде оларды ешкімнің ұрмағаны да белгілі болды.

Екеуі Қазақстанда заңсыз жүргендері үшін 30 тәулікке қамалды. Сондай-ақ Өзбек азаматарын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін бизнесмен де қомақты айыппұл төлейтін болды. Оның көлемін сот шешпек", - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
6
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel