RU
Конор Макгрегор: Жекпе-жек жалғасын табады
Жаңалықтар Спорт

Конор Макгрегор: Жекпе-жек жалғасын табады

Рассказать Вконтакте

Жексенбі күні ресейлік қарсыласы Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған Конор Макгрегор жекпе-жектің жалғасы болатынын мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ирландық спортшы өзінің Instagram парақшасына сол көзі көгерген суретін салып, астына "Біз жекпе-жекте жеңілдік. Бірақ ол жалғасын табады", - деп жазба қалдырды.

Айта кетейік, Нурмагомедов Макгрегорды жеңген соң, жекпе-жек алаңынан шығып, қарсыласының тренеріне соққы жасады.

Осыдан соң арена ішінде жаппай төбелес орын алған еді.

Арада көп өтпей, Нурмагомедов өз әрекеті үшін кешірім сұраса, отандық спортшы Қуат Найман олардың әрекетін қазақтың тойына ұқсатты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel