RU
Алматыда жолдың қарсы бағытына шыққан жігіт жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жолдың қарсы бағытына шыққан жігіт жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық ІІД-ның баспасөз қызметі қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзған жас жігіттің оқиғасы жайлы мәлімдеме жасады. Назар Роллан өзінің жасаған заңсыз әрекеттерін видеоға түсіріп, желіде мақтан ете жүктеген. Полицейлер бұзақыға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты деп жазады "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қалалық ІІД-нің өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, бұл іске қатысты материалдар әкімшілік сот құзырына жеткен.

Оның айтуынша, жас жігіт әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің төрт пунктін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелмек. Оған қоса, егер кінәсі дәлелденсе Назар Роллан бір жылдан астам уақытқа дейін жүргізушілік куәлігінен айырылатын болады.

"Егерде оның бұған дейін де заң бұзғаны дәлелденсе, онда оған көлік жүргізуге бір жылдан астам уақытқа дейін тыйым салынады" , - дейді Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жас жігіттің видеосын жүктеген Instagram желісіндегі nelegal.kz парақшасын да зерттеп шықты. Тексеріс нәтижесінде, бес әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жастағы Назар Роллан жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, жол ережесін бұзғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel