RU
Павлодарда жұмыстан босап қалған шенеунік сол күні-ақ басқа қызметке тағайындалған
Жаңалықтар Саясат және экономика

Павлодарда жұмыстан босап қалған шенеунік сол күні-ақ басқа қызметке тағайындалған

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жүргізген арнайы тексерісі барысында 10 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Олардың барлығы облысқа қарасты аудан және ауылды аймақтарда жұмыс істейтін болып шықты деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

"Аталған істерді қарау нәтижесінде этикаға байланысты қызметке толық сәйкес келмейтін комиссияның төрт мүшесіне тәртіптік жаза қолданып, жер комиссиясының шешіміне араласу деңгейіне қатысты комиссияның бес мүшесіне қатаң ескерту берілді", - деп мәлімдеді Павлодар облыстық МҚІСЖҚІА департаменті.

Оған қоса, агенттіктің тексерісі кезінде қызықты жайт анықталған. Баянауыл ауданда өз қалауымен жұмыстан кеткен ветеринария бөлімінің басшысы сол күні-ақ басқа лауазымды қызметке тағайындылған.

Оның орнын басқан сол бөлімнің бас маманы бұрынғы басшысына бірден "Баянауыл ауданының ветеринарлық шаруашылығы" КММ басқаруды сеніп тапсырған.

Кеңес мүшелері ветеринария бөлімінің басшысы міндетін атқарушының қызметіне толық сәйкес келмейтініне айтып, оған тәртіптік жаза беруді шешкен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel